Әлеуметтік себет ұн, май, шай, қант, күріш пен макарон сынды алғашқы қажетті азықпен толтырылған. Күнделікті тамақ пен киім-кешегін әрең алатын отбасылар үшін бұл күтпеген тосынсый болды. Олар қайырымдылық шарасын жасағандарға ризашылықтарын білдірді.
Бұл отбасылар тізімін облыс әкімдігінен алғанын айтқан кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері алдағы уақытта да мұндай игі істер жалғасын табатынын айтып отыр.
Айта кетейік, бүгінде «Қазақ-Түрік» кәсіпкерлер қауымдастығында 50-ден астам қазақ-түрік кәсіпкерлері тіркелген. Бұл қауымдастық екі ел арасындағы қарым-қатынастың арта түсуіне ықпал етіп, құқықтық көмек көрсетеді және өңірге инвесторлардың көптеп келуіне ықпал етіп келеді.