Шымкентте 46 білім беру мекемелерінің басшылары ротацияланды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат-Шымкентте 46 білім беру мекемелерінің басшылары ротацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 559 бұйрығына сәкес, комиссия құрамына білім басқармасының, әдістемелік кабинеттің, басқарма бөлімдерінің мамандары, білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енген. Жұмыс барысында комиссия мүшелері басшылардың қызмет тиімділігінің көрсеткіштері негізінде шешім қабылдапты.

«Шымкент қаласы бойынша 113 бірінші басшы, олар 49 мектепке дейінгі мекеме басшылары, 64 мектеп директоры ротациялауға жатады. Ротациялауға бірінші басшының бір білім беру ұйымындағы лауазымында болуға рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс»-деп жазды желідегі парақшасында қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Бүгінгі комиссия отырысында мектепке дейінгі мекеменің 40 басшысы мен 6 мектеп директорын ротациялау туралы шешім қабылданған.

Ал, қалған 67 басшыны ротациялау ағымдағы жылдың II-III тоқсандарға қалдырылып отыр.