Газ таратушы мекеме мамандарының хабарлауынша, қайғылы жағдай 9 наурыз күні Жайлау шағын ауданында болған. Тұрғындар жеке тұрғын үйлердің бірінде газдан уланған 42 жастағы әйелді тауып алып, жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Алайда дәрігерлер жеткенше тұрғын көз жұмды.
Оқиға орнына келген авариялық бригада жуыну бөлмесінде су жылытатын қондырғының дұрыс орнатылмағанын анықтаған. Салдарынан газдың иісі сыртқа емес, ішке қарай кеткен. Бөлмеде ауа алмасатын да жағдай жасалмағаны белгілі болды.
Тексеру кезінде шағын терезе де жабық тұрған. Мамандар осы жайттардың барлығы газдан улануға себеп болуы мүмкін деп болжап отыр. Нақты қорытынды тексеру шаралары аяқталған соң шығарылады.
Айта кетейік, демалыс күндері Шымкенттегі көпқбабатты үйлердің бірінде екі адам газдан уланып қайтыс болды. Олар 43 жастағы әйел мен 51 жастағы ер адам болған.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде газдан улануға қатысты 9 оқиға тіркеліп, одан 18 адам зардап шекті. Қайтыс болған 14 адамның екеуі бала.