Шымкентте 49 жастағы әйелді өлтірген күдікті қолға түсті

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Шымкентте 49 жастағы әйелді өлтірген күдікті қолға түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Шымкентте криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 49 жастағы әйелді өлтірген 24 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді», - деді ол.

Оның атап өутінше, қылмыс орын алған пәтерден компьютер, 300 мың теңге және ұялы телефон ұрланған. Қазіргі уақытта күдіктіден ұрланған заттар мен қлымыс құралы болған асхана балтасы алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.