Естеріңізге сала кетейік, 14 қаңтар 2017 жылы жергілікті уақыт 19 сағат шамасында 1993 жылғы Сайрам ауданы тұрғыны Ваз-21099 автокөлігімен белгіленген жолақтан өтпек болған жолаушыны балаларымен қоса қағып кеткен болатын. Салдарынан әйелдің 2012 жылғы баласы оқиға орнында көз жұмып, 2007 жылы туған баласы облыстық ауруханаға жеткізілген болатын. Абырой болғанда, анасы мен 2015 жылғы баласы жарақат алмаған.
Қазір күдікті азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Көлік айыптұраққа қойылған.
Ерлан Жүнісбайұлы