Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, дарынды жастар қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, өз қолдарымен жасаған тәттілер мен кәдесыйларды сатты. Түскен қаржыға аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 балаға Астанада жаз мезгілінде өтетін «ЭКСПО» көрмесіне жолдама алып берген.
10:42, 16 Желтоқсан 2016
Шымкентте 500 оқушы сап құрап, «I Love Astana» сөзін бейнеледі
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Тәуелсіздік күніне орай Назарбаев зияткерлік мектебінің 500 оқушысы флешмоб ұйымдастырды. Жиналған оқушылар саппен «I Love Astana» сөзін құрастырып, Елордамызға деген ыстық ықыластарын білдірді.