ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 6 жасар бала бассейнге құлап, суға батып кетті. Ол ата-анасымен бірге суға түсуге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Қаратау ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі, Шанин көшесі бойында орналасқан бассейнде болған. Қас қағым сәтте бала қараусыз қалып, абайсызда суға құлап, батып кеткен. Қазір аталған жайт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Шымкент қаласы ТЖД мамандары жағажайлар мен бассейндердегі сақтық шараларын қатаң сақтауды және балаларды ересек адамның қарауынсыз қалдырмауды ескертеді» - делінген хабарламада.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.