Айыпталушы мүліктік пайда табу мақсатында заңсыз әрекет арқылы жалпы сомасы 634 млн теңгеге жалған шот-фактура жазып, қолма-қол ақшаға айналдыру барысында, қылмыс үстінде ұсталды.
Абай ауданы сотының үкімімен кәсіпкер ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды.
Оған 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.