Жалпы, аймақта бір жыл ішінде қалада 435 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ж ол-көлік оқиғаларының жиі орын алуына жүргізушілердің жылдамдықты шаман тыс арттырып, қарсы жолаққа шығуы, қауіпсіздік белбеуін тақпай, мас күйінде тізгінге отыруы себеп болған.
«ІІМ-нің нұсқауымен 20-сәуірден бастап мегаполис аумағында «Қорғау» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Қазіргі таңда, аталған қосымша департаменттің Жедел басқару орталығына және Патрульдік полиция қызметкерлерінің планшеттеріне байланыстырылған. Яғни, планшет арқылы полиция қызметкері 8 шақырым аумақтағы жол ережесін бұзатын жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік алды», - дейді Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.