Қалалық төтенше жағдай штабының мәліметінше COVID-19 диагнозы нақтыланғандардың үшеуі Атырау облысынан келген болса, 2 адам халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі екені анықталды. Ал, қалған 4 науқас бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған.
Қазіргі таңда қауіпті індетке шалдыққандардың барлығы стационарлық ем қабылдап, олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Сондай-ақ, профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 344 адам анықталды.