Зейнеткер спортшы бұл сапарды Қазақстандағы Өзбекстан жылына орайластырып отыр. Бір аптаның ішінде өзбек елінің үш қаласын велосипедпен аралап шықпақ.
«Бұған дейін Мекке мен Мединаға, Ресей және Ауғанстан еліне жалғыз саяхаттадым. 75 жасымда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ауғанстан астанасы Кабулға дейін барған болатынмын. Өткен жылы Астанадағы «Экспо» халықаралық көресіне барып қайттым»,- дейді Кеңесбек Сейтімбетов.