«Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында жаңа пәтерге қол жеткізіп отырсыздар. Осы сәт сіздердің өмірлеріңіздің жарқын кезеңі болсын. Жаңа жылда жаңа қоныстарыңыз жайлы да, берекелі болуына шын жүректен тілектеспін», - деді облыс әкімі.
Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 5 қабатты екі тұрғын үйдің жалпы ауданы 6024 шаршы метрді құрайды. Облыс бюджетінен 717,5 млн теңге бағытталған тұрғын үйдің құрылысын «ҚазмедеоГранд» ЖШС жүргізген. Пәтерлер қызметтік болып табылады және жекешелендіруге жатпайды.
Айта кетейік, былтырғы жылы облыста мемлекеттік және бюджеттік сала мамандарына 51 қызметтік пәтер берілді. Сондай-ақ, 2015-2016 жылдары Шымкентте «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары аясында 80 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5420 отбасы қоныс тойын тойлады.