Шымкентте 900 пəтерді құрайтын 30 көпқабатты үй беріле басталды
«Тұңғыш Президентіміздің көшбасшылығымен Қазақстан жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырып жатқан санаулы мемлекеттердің бірі. Шымкент қаласында «Өңірлерді дамыту - 2020» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының аясында 2015-2016 жылдары 82 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 5636 отбасы жаңа баспаналарда қоныс тойларын тойлады», - деді облыс басшысы.
Аймақ басшысы биыл облысымызда 80 мыңға жуық сәби өмірге келгеніне тоқталып, тұрғын үй салу жұмысы алдағы жылы да қарқын алатынын жеткізді. Сондай-ақ жаңа пəтер иелерін аулаларды көгалдандыру мен тал егу жұмыстарына белсенді түрде қатысуға шақырды.
Айта кетейік, «Асардағы» 5 қабатты 30 тұрғын үйдің құрылысын «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС-гі жүргізген. Жаңа пәтерлер тұрғындарға жалға алу құқығымен ұзақ жылға беріліп отыр. Мұндағы баспаналардың бір бөлмелісі - 42, екі бөлмелісі 54, үш бөлмелісі 74 шаршы метрлі 900 пәтерді құрайды.
Айта кетейік, «Асар» шағынауданынан пайдалануға берілетін 900 пәтерге жалға беру жүйесі бойынша «E-gov» порталы арқылы 4076 өтініш қабылданған.