Шымкентте адам саудасына қарсы акция болып өтті

None
ЫМКЕНТ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Азаматтық альянс мұрындық болған «Бірлігіміз - жарасқан!» акциясына «Сана сезім» әйелдер бастамасы құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігі де қосылып отыр.

Бүгін оны белсенділері Шымкент тігін фабрикасының әйел жұмысшыларымен кездесіп, шетелдегі жоғары жалақысы бар жұмыс деп қызықтырған уәделердің артында қандай қиын-қыстау жағдайлардың жатқанынан сақтандыруға тырысып бақты.

«Сана сезім» бірлестігінің президенті Хадиша Әбішеваның айтуынша, жас келіншектердің ұмтылыстары мен сұраныстары өмірдің талабы, ал жалақы тым төмен, ал жұмыс ауыр. «Мұндай әйелдерді адам сатумен айналысатын жымысқы ниеттегі адамдар жоғары жалақысы бар жұмыс тауып береміз деп, тез қармағына түсіре алады, - деді Х.Әбішева. - Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) адамдарды заңсыз алып кету мәселесі соңғы жылдары өз көкейкестілігін жоғалтпай, қазіргі күні ірі заңсыз бизнес көзі болып отыр. Еңбекке қабілетті адамдар, әсіресе 18-45 жас шамасындағылар өздерін толық қамтамасыз ету үшін шетел асып, жұмыс жасағанды қалайды. Оның арты қандай қайғылы жағдайға душар ететінін ойланып жатқан ешкім де жоқ. ОҚО қазіргі күні «тірі тауарды» жинаудың және шетелге жіберудің резервуары әрі көлік орталығы болып отыр».

Белсенділер атап өткендей, қазіргі заманғы адам саудасымен күресу үшін жалпы қоғамның белсенділігі қажет. «Біз адам саудасының құрбаны болған өз азаматтарымызды шетелден қайтарған кезде бізге түрлі мемлекеттік құрылымдардың көмегі аса қажет. Сондықтан да, бізде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында да үлкен әріптестер желісі құрылған», - деді Х.Әбішева.