«Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген «Шымкент қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады « , - деді ол агенттіктің онлайн-брифингі барысында.
Атап өтілгендей, ол 2019 жылдың маусым айында мердігер және басқа тұлғалар тобымен әрекет етіп, нақты орындалмаған жұмыстар үшін актіге қол қойды, солайша, департамент ғимаратын ағымдағы жөндеуге бөлінген бюджеттің 7 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - деді Данияр Биғайдаров.