Шымкентте АҚТБ індетін жұқтырған екі бала жағдайына байланысты мектептен шығарылды
19:08, 04 Қазан 2012
ШЫМКЕНТ. 4 қазан. ҚазАқпарат - АҚТҚ індеті расталған екі баланы жекеменшік мектептен олардың жағдайларына байланысты шығарып жіберді.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған кездесу барысында «Балаларымызды ЖҚТБ-дан сақтайық» қоғамдық қорының жетекшісі Жанетта Жазықбаева айтты.
Оның айтуынша, балалардың диагнозын мектеп директорына медицина қызметкерлері жеткізді. Оны білген директор ата-аналардан балаларын кез келген басқа мектепке ауыстыруын талап етті. Ата-аналары болған оқиғаны әзірше түсіндірмейді. Ж.Жазықбаеваның айтуынша, олардың қоры әкімдік пен прокуратураға шағымданып үлгерді.