Шымкентте әлеуметтік нан қымбаттады

ШЫМКЕНТ. 4 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанның облыс орталығы Шымкент қаласында әлеуметтік нан қымбаттады.

Осылайша, ақ және қара нан бөлкесінің бағасы қазір 40 теңге тұрады. Нан пісірушілер бағаның өсуін соңғы уақытта коммуналдық қызмет және бензин бағасының қымбаттауымен түсіндіреді. Сонымен қатар, 4 ай бойы цехтың нан пісірушілері ұнды жеңілдетілген бағамен алмай отыр. Мұндай жағдайда кәсіпкерлер нанның бағасын бұрынғы деңгейде сақтай алмайды, себебі кейбір цехтар банкротқа ұшырауға жақын тұр.

«Нан» қауымдастығының төрағасы Әбдімәлік Көмекбаев айтқандай, нанның бағасын бұрынғы деңгейге қайтаруға болады. Ол үшін қала әкімдігі жеңілдетілген бағамен - 1 қап ұнды 2100 теңгеден жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.