Еліміздегі Қазақстанда триталон спорты мен салауатты өмір салтын дамыту мақсатында өткізілетін сайыс Шымкент қаласының әкімдігі мен «СПК Шымкент» АҚ, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Шымкент қаласының триатлон федерациясы, Қазақстан Триатлон федерациясының ұйымдастыруымен өткізілмек.
Кәсіби спортшылар арасында болатын «Стандартты» қашықтықтағы жарыс үш кезеңде өтеді. 1500 метр жүзу мен 40 шақырым веложарыс, 10 шақырым жүгіру бойынша ұйымдастырылатын сында жалпы 300-ге жуық кәсіби спортшы қатысады деп күтілуде. Байрақты бәсеке «Жайлаукөл» саябағы мен «Наурыз» алаңында 2 күнге жалғасын таппақ.