Шымкентте ардагерлер ұйымдарының аймақтық семинары өтуде

None
ШЫМКЕНТ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан өңіріне Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстары және ОҚО аудандарындағы ардагерлер ұйымдарының өкілдері келді.

Шымкентте ардагерлер ұйымдарының мүшелері жұмыс тәжірибесімен алмасуда. ОҚО-да Ұлы Отан соғысының 803 ардагері мен мүгедектері, 20 мыңнан астам тыл еңбеккерлері тұрады. 427 бастауыш және 42 цехтік ардагерлер ұйымдары жұмыс істеуде. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері үшін шипажайға жолдама сатып алуға 388 миллион теңге қаражат бөлінді.

ОҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұловтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан егде жастағы адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша үздіктер қатарында. Қоғам қайраткерлері мен ардагерлердің осы өңірге келуі де сондықтан. Семинардан кейін ардагерлер облыстық аурухана мен кардиологиялық орталыққа барды. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлеріне бару жоспарланған.