Аталған соттың хабарлауынша, айыпталушыға қатысты үкім 15 қазанда шыққан.
«Айыпталушыға тағылған баптар бойынша 10 жылдан 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда сотталушының прокурормен процесуалдық келісімге келіп, тергеу кезінде сыбайластарын ұстап беруге көмектескені үшін жазасы жеңілдетілді. Жазасын бес жылға төмендетті. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ» делінген хабарламада.