Шымкентте ашық ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай балаларға арналған спорттық және  ойын алаңшалары ашылды. Салтанатты шарға қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрғындарды мерекемен құттықтап, осынау қастерлі күннің маңызына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаңшалар қаладағы Қаратау ауданы «Нұрсәт»  шағынауданындағы №11, 12, 75 көпқабатты үйлер мен Абай ауданындағы Гагарин көшесі бойындағы №141, 141а, 141б үйлерінің алдынан ашылды. Барша тұрғындарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған қала басшысы ел игілігіне қолданысқа берілген нысандардың  балалардың салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізетініне сенім білдірді.
 

Жалпы биыл «Нұрсәт» шағынауданындағы тозығы жеткен 36 көпқабатты  тұрғын үй орналасқан 14 аула мен Абай ауданында 10 аула абаттандырылды.  Мұнда заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары және спорттық жаттығу элементтері орнатылды.
 

Айта кетейік, келер жылы Қаратау ауданындағы  аулаларды абаттандыру мақсатында 43, ал Абай ауданы бойынша 40  ауланың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджет қарауына ұсынылды.

 

Соңғы жаңалықтар