Шымкентте астық тиелген екі вагон рельстен шығып кетті

АСТАНА.  Қазанның  6-сы.  ҚазАқпарат -  Шымкентте   Қорғасын  теміржол  стансысында  астық тиелген  екі  вагон    рельстен шығып  кетті,

 деп   хабарлады сейсенбі күні Төтенше жағдайлар  министрлігінен.

Ведомствоның ақпараты  бойынша,   төтенше жағдай  дүйсенбі күні   таңертең  болған.   Бұл  басқа пойыздардың  қозғалысына әсер еткен жоқ.   Апаттың салдарын жою жұмыстары  сол күні кешке  қарай аяқталды.

Оқиғаның салдарын  жоюға   Қорғасын стансысының     арнайы пойызы  мен   20 адамнан тұратын арнайы бригада  жұмылдырылды.   Құрбан болғандар  мен  зардап шеккендер жоқ.