Шымкентте атасы мен анасын өлтірген жігіт сотталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте атасы мен анасын пышақтап өлтірген жігіт сотталды. Қалалық Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 24 жастағы айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, жұрттың жағасын ұстатқан қанды қылмыс жеті ай бұрын болған еді. Құмар ойындарға кіріп кеткен айыпталушы 70 жастағы атасымен сөзге келіп қалған. Оларды 45 жастағы анасы ажыратпақ болған. Осы кезде ашуға булыққан жігіт екеуін де пышақтап тастаған.  Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, кінәсін толық мойындаған. Жеті айға созылған тергеу барысында оның қылмысы толық дәлелін тапқан болатын.

 «Сот үкімімен айыпталушы Қыммыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1,5 тармақтарымен кінәлі деп танылып, 15 жылға сотталды» делінген хабарламада.