«Зардап шеккендер орташа дәрежелі ауыр жарақат алған. Кейбірінің миы шайқалса, енді біреулерінің денелері көгерген, жараланған, қаза тапқандар жоқ», - деді аурухананың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.
Ауруханаға жатқызылғандардың барлығы - қалалық автобустың жолаушылары. Ол Төреқұлов пен Аймауытов көшелерінің қиылысында аударылған. Куәгерлердің айтуынша, автобус қарсы жолаққа шығып кеткен, содан автобусты басқара алмай қалған. Апаттың нақты себептерін ОҚО ІІД тергеушілері анықтау үстінде.