Шымкентте автобус қаққан оқушы ауруханаға түсті

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте автобус 5-сынып оқушысын қағып кетті. Басынан жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бүгін Бейбітшілік көшесінде сағат 13:00 шамасында болған. №180 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдап келе жатқан автобус оқушыны байқамай, қағып кеткен. Жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушіге тәртіп сақшылары алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қалалық полиция жол апатының себеп-салдарын тексеріп жатыр.

Еске салсақ, Ақмола облысында оқушыларды мектепке тасымалдаудағы заңсыздықтар үшін 53 лауазымды тұлға жазаланды.