Шымкенттің жергілікті полициясының қызметкерлері ерекше рейд ұйымдастырып, жүргізушілердің мамандандырылған көліктерді өткізетінін, не өткізбейтінін іс жүзінде тексеріп көрді. Тәжірибе үшін «жедел жәрдем» көлігі пайдаланылды. Бірақ фельдшердің орнында полиция қызметкері отырды. Арнайы дабылқаққышы бар автомобиль Шымкенттің орталық көшелерімен жүріп өтті. Жол бермеген жүргізушілердің ережені бұзу фактілері сол мезетте камераға жазылып отырды.
Ереже бұзғандарға айыппұл салынды. «Жарты сағаттың ішінде мамандандырылған көлікке жол бермеген 12 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырдық», - деді қалалық жол-патрульдік полициясы полк штабының басшысы Шерзод Эшматов.
Рейд кезінде жүргізушілерге кеңестер беруге де тура келген. Полицейлер дауыс зорайтқыштардың көмегімен жүргізушілерге арнайы көлікті өткізу үшін оңға, не солға бұрылғаны дұрыс болатынын айтып отырған.
Сондай-ақ автобус жүргізушісінің қатысуымен тағы бір оқиға тіркелген. Ол ережені бұзған көлікті тоқтатып жатқан полиция қызметкерін «іліп» кеткен. Арнайы дабылқаққышы бар көліктерді өткізбеген жүргізушілер 7 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.
11:49, 29 Қазан 2016
Шымкентте автобус жүргізушісі полицейді қағып кете жаздады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент полицейлері жүргізушілерді мамандандырылған көліктерді өткізуге үйретуде, деп хабарлады ҚазАқпарат.