Шымкентте аяқжолдар жөнделуде

None
ШЫМКЕНТ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Шымкентте екінші дәрежелі көшелердегі аяқжолдарға жөндеу жүргізілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Біз Кремль көшесінде өмір бойы тұрып келдік. Мен ес білгелі аяқжолдар алғаш рет жөндеуден өткізілмекші», ? деді зейнеткер Валентина Горохова.Қалалық әкімдіктің деректері бойынша, биылғы жылы жеті көшенің жалпы ұзындығы 10 шақырым болатын аяқжолдарына күрделі жөндеу жүргізу және жабын төсеу, 400 аялдама салу, 30 млн. теңге сомаға көп қабатты үйлердің аулаларындағы жолдарды жөндеу көзделген.Сонымен қатар, үш көшеде автомобиль көлігінің қозғалысын жеңілдету үшін жаңа жолдар салынбақшы. Алты саябақтың аумағы, жалпы алаңы 80 гектар болатын 21 сквер тәртіпке келтіріледі. Ұзындығы 50 шақырым болатын тоғыз орталық көшенің жарықтандыру жоспарланған. Сондай-ақ қоқыс төгетін алаңқайларды жөндеу және қосымша мыңнан астам қоқыс контейнерлерін орнату жүргізілуде.