Бұдан кейін жолаушылардың алдында төбелесіп қалған. Бірнеше минуттан кейін жүргізушілер тынышталып, кетудіұйғарған. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бұл оқиғағадереу әрекет етіп, шара қабылдады. Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік полицияинспекторы полиция капитаны Ернар Қошанов 2 сағат ішінде жүргізушілердіанықтап, тірек пунктіне жеткізді. Олармен профилактикалық әңгімежүргізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды.
17:42, 13 Тамыз 2019
Шымкентте аялдамада төбелес шығарған автобус жүргізушілері жазаланды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында сағат 8:50 шамасында Байтұрсынов және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы аялдамада №93 және №19 маршруттық автобустардың жүргізушілері жолды бөле алмай тоқтап, қозғалысқа кедергі жасаған, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.