Оған Қазақстан Футбол федерациясының Атқару комитетінің мүшелері мен Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) уәкілдері қатыспақ. Бұл шараны ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Футбол федерациясы бірігіп ұйымдастырып отыр.
Ұлттық штаттық командалар мен спорт резерві дирекциясының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, Шымкентте сондай-ақ 18 мамырда Қазақстанның ұлттық параолимпиада комитетінің жыл сайынғы семинар-кеңесі өтеді. Оған республиканың барлық өңірінен мүгедектер спортының жетекшілері қатысады.