НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкенттік полицейлер бала бақшадан рұқсатсыз шығып кеткен екі баланы тауып, ата-анасына табыстады. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Фейсбуктегі ресми парақасында хабарланды.
«2019 жылғы 1 сәуір күні сағат 17:30 шамасында бала-бақшадан екі бала шығып кетіп, үйіне оралмаған. Ата-анасы өздері іздеп таппаған соң, Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарлаған. Екі баланы табу үшін барлық жеке құрам жұмылдырылып, екі сағаттың ішінде балаларды іздеп тауып, ата-анасына табыстады» делінген хабарламада.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.