ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық полиция департаменті қаладағы балалардың жоғалуына байланысты таралып жатқан ақпарат жалған екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кешелі бері «WhatsApp» мессенджерінде Шымкент қаласында балалардың жоғалып жатқаны туралы аудиожазба тарады. Ал, Шымкент қаласының Полиция департаменті қала аумағында балалардың жоғалу фактілері тіркелмегенін ресми түрде хабарлады.
«Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты, азаматтардан әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа емес, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз» - делінген Шымкент қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.