Ауыр жағдайда жедел жәрдем қызметімен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген бала жансақтау бөліміне жатқызылған. Тексеру барысында дәрігерлер оның оң тізе асты артериясы мен тамырының толықтай кесілгенін анықтады. Балаға жедел түрде ота жасалды.
«Отадан кейін аяқтың төменгі бөлігіне қан барып, жылып, тобық аймағында пульс пайда болды. Баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, үйге шығуға дайындалып жатыр. Тамырдың жарақатына дер кезінде жоғарғы медициналық көмек көрсетпеген жағдайда, дистальды бөлігі ампутациялануы мүмкін еді», - деді бөлім меңгерушісі Олжас Шынтасов.
Хирургтер науқас баланың тамырының диаметрі кішкентай болуына байланысты микроскопиялық LEICA ONX аппаратын пайдаланған. Нәтижесінде, мамандар үзілген тізе асты артериясын ұшпа-ұш жалғап, тігіп берді.