Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған аурухананың дәрігерлері бір жасар сәбиді аман алып қалу үшін барлық ем-дом шараларын жасауда. Алайда бүлдіршіннің жарақаты ауыр», делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше 3 қазан күні таңғы сағат 10:15-те Қызылсай-Шымкент станциясында жүк пойызының астаны 1 жасар қыз түсіп кеткен. Бүлдіршін ауыр халде Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.