Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осы жағдайдан кейін сәби ауыр халде жергілікті жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.
«Мамандар сәбидің ішкі ағзаларының зақымданғанын анықтап, оны шұғыл түрде Шымкенттің Гипербариялық оттектеу орталығына ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Сірке суын ішіп қойған бүлдіршіннің ауыз қуысын және өңешін химиялық күйік шалған. Науқасқа шұғыл түрде емдік шаралар жасалды» делінген хабарламада.
Гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетованың айтуынша, қазір сәбидің жағдайы бірқалыпты. Анасымен бірге токсикология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Орталықта тағы бір аптадан аса ем қабылдайтын болады.