Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай кеше кешке «Нұртас» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Ата-анасының айтуынша, үйде Asel пеші ұзартқыш арқылы қуат көзіне қосулы тұрған. Қасында ойнап жүрген сәби оның ақауы бар электр сымын ұстап алған.
«Бала оқиға орнында қайтыс болған. Оқиғаның нақты мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Қалада тамыз айында электр тоғынан соққы алып, 2 жазатайым оқиға орын алды. Оның бірінде 2013 жылғы қыз бала зардап шексе, екінші жағдайда 2021 жылғы бүлдіршін қайтыс болды», - делінген хабарламада.