Шымкентте бірнеше жанның сеніміне кіріп, ақшаларын қаққан алаяқ әйел ұсталды

None
ШЫМКЕНТ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шымкент полицейлері алаяқтық жасауда күдікті әйелді қолға түсірді.

Бір күнде полицияға оқиғалары ұқсас бірнеше адам келді. 45-50 жастағы әйел олардың сеніміне кіріп, ресейлік акционерлік банкке ақшаларын салса, бір айдың ішінде 100 пайыз пайда табатынына сендірген. Жәбірленушілер өз ақшаларын алаяқ әйел атаған есепке аударған соң ол жасырынып үлгерген.

Жедел-іздеу шараларының барысында полицейлер 1958 жылғы Шымкент тұрғынын ұстады. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары күдікті әйелдің алаяқтықтың 7 фактісіне қатыстылығын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын сомасы миллион теңгеге жуық болды.

Күдікті әйелдің айтуынша, ол ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 177 бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.