Бүгінге 92 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 78 науқас стационарда, 14 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 5 жағдайы тіркелді.
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қалада 25 тамыздан бастап 3677 төсек-орын жабылды. Қазіргі таңда төсек-орын толымдылығы 20 пайызды құрайды, 305 төсек орын бос. Ал, жаңсақтау бөлімінде 125 төсек орын бар, онда 9 азамат ем қабылдап жатыр. Толымдылық –7 пайыз.
Сондай-ақ 36 емхана жанынан жасақталған 211 мобилді бригада үй жағдайында ем қабылдап жатқан 14 науқас пен қарым-қатынаста болған 228 адамға медициналық қызмет көрсетуде.