«Науқас әйелдің қан қысымы қатты көтеріліп кеткен болатын. Босанған әйел облыстық перинаталдық орталықтан облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне ауыстырылған еді.Бүгін ол қайтыс болды. Қазір арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеру шаралары жүргізілуде», делінген хабарламада.
Ал, марқұмның жаңадан өмірге келген сәбиінің денсаулығын мамандар жақсы деп бағалап отыр. Айта кетейік, науқас әйел №1 облыстық перинаталдық орталықта босанған болатын. Алғашында оның денсаулығы қалыпты болып, кейіннен күрт нашарлап кеткен еді.