Әсел Сәденованың сөзінше, қайғылы оқиға түскі сағат 12-00-дер шамасында болған.
«Қазір осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, яғни «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қалған мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді»,- дейді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиға орнында тергеу шараларын жүргізіп, бойжеткеннің не себепті мұндай қадамға барғанын анықтап жатыр.