Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кешкі сағат 19:38-де Республика даңғылындағы орталықтан шыққан. Өрттің жалпы аумағы 180 шаршы метрді құрап, оқиға орнына қалалық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 30 адам және 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, электр қуаты ажыратылған.
«Өрт сағат 20:24 толықтай сөндірілген. Жалын жалпы аумағы 180 шаршы метрді шарпып, ғимараттың біраз бөлігі жанып кеткен. Қазіргі таңда келтірілген материалдық шығынның көлемі мен өрттің себептері анықталуда» делінген хабарламада.