Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ағза алмастырған науқастардың барлығының денсаулығы бірқалыпты. Жүзден аса жанға жаңа өмір сыйлаған ақ халаттылар шетелдік азаматтарға да транспланталогиялық операция жасаған.
«17 шетелдік азаматқа (Германия, Канада, Израиль, Румыния) тірі донордан алынған бүйректі алмастыру отасы жасалған. Бүгінде ол науқастардың жағдайы да қанағаттанарлық. Донорлар және реципиенттер амбулаториялық емдеуге жіберілді. Күрделі оталардың барлығы аурухананың бас дәрігері Мәди Биғалиевтің жетекшілігімен жүргізілді», делінген хабарламада.