Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қатысқан рейд барысында жұқпалы ауруларға қарсы дәрілерге сұраныстың артқанын пайдаланған тұрғындар вирусқа қарсы дәрілерді ғаламторда өз бағасынан 2-3 есе қымбат сатқан.
5-6 шілде аралығында жүргізілген рейд кезінде алыпсатарлар Левомак, Левомир, Димедрол сияқты дәріханаларда тапшы болып отырған препараттарды саудаламақ болған.
Табылған дәрілердің ішінде тіпті елімізде тіркелмеген, тек Ресейде сатылуы тиіс дәрілер де бар болып шықты.
Сондай-ақ, препараттарды сақтау барысы санитарлық талаптарға сай келмейтіні әшкере болды. Мәселен, тек тоңазтқышта тұруы тиіс дәрілер даладағы қораптарға салынған.
Енді дәрі сатып байымақ болған азаматтар заң алдында жауап береді.