Шымкентте дзюдодан Азияның ашық кубогы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында 20-23 ақпан аралығында Азияның ашық кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа 1997-1999 жылы туылған Қазақстан Республикасы қалалары және облыстарынан және алыс-жақын шетелдерден арнайы спорттық дайындығы бар дәрігердің рұқсаты мен жекелеген командалар мен спортшылар қатыса алады.

Жарысқа 2000 жылғы спортшылар ата-аналарының жазбаша рұқсатымен жіберіледі.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарынан және Алматы қаласының командасынан әр салмаққа төрт спортшыдан қатыса алады.

Маңғыстау, Қарағанды , Жамбыл облыстарынан және Астана қаласының командасынан әр салмаққа үш спортшыдан жіберіледі.

Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарының командаларынан әр салмаққа екі спортшыдан қатысады.

Ал Ақтөбе және Ақмола облыстарының командасынан әр салмаққа бір спортшыдан жіберіледі.

Алыс-жақын шетелдерден келген командадан әр салмақ дәрежесіне екі спортшыға дейін қатыса алады.