Шымкентте екі қылмыс бойынша тәркіленген ойын терминалдары жойылды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында екі қылмыстық іс аясындағы ойын терминалдары жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі комитеті Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері күшіне енген сот үкімі шеңберінде 21 «Бинго» ойын аппараты, 2 д купол үстелі, 2 электронды купол үстелі, 8 жүйелік блок, 9 микросызба және 3 сары-жасыл ойын терминалын жойды.

Аталған ойын терминалдары Шымкент қаласының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде тәркіленген.

ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңына сәйкес казино және ойын аппараттарын арнайы белгіленген аймақта ғана орнатуға рұқсат берілген. Басқа жерде казино және ойын залдарын ашуға шектеу қойылған.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру және үй-жайды ойын залына жалға бергені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.



Соңғы жаңалықтар