Шымкентте екіқабатты ескі ғимарат құлады
Ғимараттар жай жалдаушылардың айтуынша, оның қабырғаларына жарық түскелі қашан, бірақ соған қарамастан, нысан апатты жағдайда деп танылмаған. Онымен қоймай, соңғы жылдары бұл жерде адвокаттық және нотариалдық кеңселер, сондай-ақ «Қазпошта» бөлімшесі орналасып келген.
Оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар тексеру жүргізді және материалдарды әкімдікке тапсырды.
«Ғимараттың екінші қабатында су құбыры тесіліп, сол жерден аққан су саман қабырғаны зақымдаған, нәтижесінде ғимарат құлаған. Егер, ғимаратта адамдар болса, оқиғаның салдары қайғылы аяқталуы мүмкін еді», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Арман Асибеков.