ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 7 жасар бала биіктіктен құлап, мерт болды. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы Ирисмат Махмудов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Әл-Фараби ауданы, Есіл көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Ал анасы сол сәтте жуыну бөлмесінде болған.
«Дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына 24 шілде күні сағат 16:20 шамасында хабарлама түсті. Өкінішке орай 2016 жылы туған ер бала оқиға орнында көз жұмды» - деді Ирисмат Махмудов.
Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан 4 бала терезеден құлап кетті.
Қалалық ТЖД балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.