Шымкентте екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Данат Жумин қатысып, ғимараттың толықтай электронды бақылау жүйесіне қосылғанын атап өтті. Мұнда тәулігіне 400 адам құжатын рәсімдей алады. Яғни, орталықта автокөлікті тіркеу және есептен шығару мемлекеттік қызметтері көрсетіледі. Жаңа мамандандырылған орталықта 52 қызметкер жұмыс істейді.

Ал дайын құжаттарды қабылдау және беру қызметіне 20 жұмыс орны ашылып отыр. Бұдан бөлек, ғимарат алдында 150 автокөлікке тұрақ қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар мен шақырту түймелері орналастырылған.

Айта кетейік, аталған ХҚКО аптаның алты күнінде үзіліссіз жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар