Газ таратушы мекеменің мәліметінше, қалада құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде экскаватор жүргізушісі жоғары қысымды газ құбырын бұзып кеткен.
«20 мамыр күні сағат 15.00 шамасында қала тұрғындарының бірінен Тассай елді мекеніндегі Жібек жолы мен Бабашұлы көшелерінің қиылысында газ құбыры бұзылғаны туралы хабарлама түскен. Шақырылған орынға жеткен авариялық бригада мамандары қаладағы танымал құрылыс компанияларының біріне тиесілі «XCMG» маркалы трактор-экскаватор жүргізушісі жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде жоғары қысымды газ құбырын бұзып кеткенін анықтады. Газдың ауаға таралуы тоқтатылды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, аталған газ құбыры «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының меншігінде.