«28 наурызда Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының Ішкі қауіпсіздік тобы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының қызметкері У.-ды осыған дейін алынған параның бөлігін қайтару кезінде ұстады», - делінген ҚР Бас прокуратурасының Фейсбуктегі парақшасында.
Ақшалай қаражат азамат К.-ны қылмыстық жауапкершіліктен босату мәселесін шешу үшін алынған.
«Іс бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қосымша ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - делінген хабарламада.
Фото: telanganatoday.com