Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 шағын аудандағы Шаяхметов көшесінде болған. Тұрғындар дүкеннің шатырына құлаған адамды көріп, көмекке құтқарушыларды шақырған.
«Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1988 жылы туған ер адамның абайсызда үшінші қабаттан құлап кеткенін анықтаған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді» делінген хабарламада.